«Отбасы» әлеуметтік-мәдени қоры қоғамдық қоры ағымдағы жылдың желтоқсан айынан бастап аз қамтылған және
көп балалы отбасылардың мүшелерін, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды,
балаларды жалғыз тәрбиелеп отырған аналарды/әкелерді, халықтың әлеуметтік - осал топтары арасынан
29 жасқа дейінгі креативті жас азаматтарды оқытуға және жұмысқа орналастыруға жағдай жасауға
бағытталған "Tabysty otbasy" әлеуметтік жобасын бастайды.
Бұл жобаның мақсаты: табысты ұлғайтуға жәрдемдесу, жобаға қатысушылардың санасын өзгерту, өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру.
Жобаның бірегейлігі - әр жоба қатысушысына жеке даму картасын құру және қолма-қол ақша бермей өз ісін ашуға мүмкіндік беру.
Оқыту бес бағыт бойынша жүргізіледі: сұлулық саласы, әлеуметтік желілерді сүйемелдеу,
тігінші, автодәнекерлеуші, кондитер.
Толық ақпарат алу үшін 87054168696 телефон нөміріне Лаура Берікханқызына хабарласуға болады.