
Жобаның негізгі мақсаты – ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты сақтау және мәдени, рухани құндылықтарды кеңінен насихаттау.
Абай өңірінің дарынды өнерпаздары мен спортшыларынан құралған команда дәстүрлі ән сайысы, күй сайысы, би жарыс, терме, жыр, ауылдың алты ауызы, ақындар айтысы және қазақ күресі, қол күрес, арқан тарту сынды 10 түрлі номинация бойынша бақ сынады.
Абай облысының құрамасы іріктеудің екі кезеңінен де сүрінбей өтіп, «JETI QAZYNA» мегажобасында 1 орынды жеңіп алды.
Жеңіс құтты болсын! «Хабар» агенттігінің басшылығына мегажобаны ұйымдастырғаны және дәстүрді жаңғырту идеясы, жаңа таланттарды танып, қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз.