
Семей қаласының жылу көздерін аралаудан кейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменовтің төрағалығымен Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың, орталық органдар басшыларының, қалалар мен аудандар әкімдерінің, басқармалар мен коммуналдық кәсіпорындардың, сондай-ақ, энергетикалық компаниялар басшыларының қатысуымен жиын өтті.
Күн тәртібінде Абай ауданында жылу беру маусымына дайындық барысы қаралды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша менің жетекшілігіммен республикада орталық және жергілікті атқарушы органдардың қысқы жылыту маусымына дайындық жөніндегі қызметін тексеру үшін арнайы комиссия құрылды.
Комиссия құрамына Бас прокуратураның, Жоғарғы есеп палатасының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері кірді.
Президент тапсырмасы бойынша комиссия өз жұмысын он күн ішінде нақты қорытындылар мен ұсыныстарымен аяқтауы қажет», - деді Тимур Сүлейменов.
«Жылумен қамту саласындағы негізгі проблемалардың қатарында жылу желілерінің де жоғары тозуы бар. Желілердің орташа тозуы 63,8% құрайды. Соның ішінде Семей қаласы бойынша 322 шақырым, орташа тозу 68 пайызды құрайды. Энергия өндіруші ұйымдардың жылу желілері мен технологиялық жабдықтарының жоғары тозуы жылу энергиясын өндіру мен тасымалдауда үлкен шығынға әкеледі.
Осыған орай, бүгінгі таңда Семей қаласы мен Абай ауданы Қарауыл ауылында жылу желілерін тартуға 1,3 млрд теңгеге 3 жобалық-сметалық құжаттама әзірленді», - деді кездесуде облыс әкімі.
Кеңес қорытындысы бойынша Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Тимур Сүлейменовтің тапсырмасы:
Қаражыра АҚ:
- облыстың барлық жылу көздерін тиісті сападағы көмірмен қамтамасыз ету.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Қаражыра» АҚ сұранысына сәйкес облыстың елді мекендеріне көмір жеткізу үшін қажетті вагон санын қамтамасыз етсін.
«Бірыңғай энергетикалық сервистік компания» АҚ жылу беру маусымында Абай облысын, тұтынушыларды электрмен үздіксіз қамтамасыз ету.
Облыс әкімдігіне:
- облыста жылу беру маусымының үзіліссіз өтуін қамтамасыз ету.
- салалық министрліктерге қазандықтар мен жылу желілерін реконструкциялауға және жаңғыртуға бюджеттік өтінімдер беру.
Ұлттық экономика, Қаржы, Индустрия және Энергетика министрліктерімен бірлесіп, Мемлекет басшысының Семей қаласына сапарының қорытындылары бойынша берген тапсырмасына сәйкес Абай өңірін дамытудың кешенді жоспарында шараларды көздесін.