
Дәрігерлер жаңа туған нәрестеде туа бітті өкпесінде ақау - кистозды-аденоматозды мальформацияны анықтады. Нәресте туғанда бірден нәрестелер қарқынды емдеу бөліміне ауыстырылып, өкпенің жасанды желдету аппаратына қосылды. Кішкентай пациенттің дүниеге келгенінінің 16-шы күні Перинаталдық орталықта сирек, әрі күрделі ота жасалды.
«Күрделі даму ақауы бар нәрестелерді емдеу үшін, 4-і деңгейге Астана немесе Алматы қалаларына ауыстыру керек, біздің жағдайда нәрестені жоғарыдағы орталықтарға тасымалдауы, нәрестенің ауыр жағдайына байланысты мүмкін болмады. Сондықтан, Алматы қ. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының балалар хирургиясы бөлімінің меңгерушісі м.ғ.к. Хаиров К.Э., Семей медицина унивеситеттік госпиталінің балалар хирургиясы бөлімі меңгерушісі Жумажанов Е.А., Германияның SES хирургы Габриель Мария Краузак шұғыл түрде шақырылды», - дейді Перинаталды орталықтың неонаталдық қызмет жетекшісі Гулжазира Дюсекенова.
Бірлескен күшпен, нәрестеге ота жасалынып, сол жақ өкпенің кистасы алынды. Нәрестенің өмірі құтқарылды. Отадан кейін нәресте өздігінен дем алып, анасын және барлық нәрестелерді қарқынды емдеу бөлімі дәрігерлерін қуантты.
Қазіргі уақытта нәресте мен анасы үйге шығарылып, отбасыларының ортасында.
«Білікті дәрігерлердің арқасында жасаған ота сәтті өтті. Менің алғысымда шек жоқ. Сәбиім екеуміз қазір ауылда үйдеміз. Әрине алдағы уақытта баламның денсаулығына аса мұқият болып МӘМС аясында оңалту шараларынан қалыс қалмауым керек», — деді баланың анасы Динара Садықова.