Қатты аяз техногендік өрттердің, коммуналдық жүйелердегі апаттардың және көлік жұмысындағы бұзылулардың көбеиуіне әкелуі мүмкін

Қатты аяз техногендік өрттердің, коммуналдық жүйелердегі апаттардың және көлік жұмысындағы бұзылулардың көбеиуіне әкелуі мүмкін

Қатты аяз техногендік өрттердің, коммуналдық жүйелердегі апаттардың және көлік жұмысындағы бұзылулардың көбеиуіне әкелуі мүмкін. Халық арасында гипотермия және үсік шалу жағдайлары да артуы мүмкін.

Ауа температурасының -30 градустан төмен түсуіне байланысты Абай облысының ТЖД халыққа көшеге шықпауға, балалардың көшеде болуынан аулақ болуға кеңес береді. Дауыл туралы ескерту алғаннан кейін, туыстарыңыз бен көршілеріңізді ескертіңіз, өйткені олар бұл туралы естімеген болуы мүмкін.

Қатты аяз кезінде көшеге шығудан аулақ болыңыз, елді мекеннен тыс жерлерге автомобиль көлігімен бармаңыз.
Егер сіз үйден, пәтерден тыс жерде болуыңыз керек болса, аязға ұшырамау үшін қолыңыздан келгеннің бәрін жасауға тырысыңыз.
Желден қорғану керек-желде үсік шалу ықтималдығы әлдеқайда жоғары.
Табандары аз сырғанайтын аяқ киімді қолданыңыз.
Сақ болыңыз, әсіресе көшелер мен қиылыстарды кесіп өткенде, тек көрсетілген жерлерден өтіңіз, өйткені қозғалатын көлікті тоқтату үшін уақыт қажет.

Есіңізде болсын! Қатты аяз бен көктайғақ кезіндегі жол әсіресе қауіпті орын болып табылады. Өз өміріңізді қорғаңыз.
Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне қоңырау шалыңыз, деп хабарлайды Абай облысының ТЖД.