Абай облысының тұрғындары өз таңдауын жасайды

Абай облысының тұрғындары өз таңдауын жасайды

Аймақта президенттік сайлау жалғасуда. Мәселен, Курчатов қаласындағы сайлау алаңына интернационалды Тілеубердиндер отбасы келді. Ерлі-зайыптылар Әділ мен Наталья 2019 жылдың желтоқсанында үйленіп, екі жасар қызы Мадинаны тәрбиелеп отыр. Жас отбасы сайлауға қатысу өздерінің азаматтық борышы деп санайды.

«Бүгін біз өз таңдауымызды жасауға келдік. Сайлауға қатысу-ерікті іс, соған қарамастан, біз өз кандидатымызға дауыс беруіміз әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы деп санаймыз. Біздің шаңырақ көтергенімізге бір-неше жыл болды. Әртүрлі сенім мен ұлт болсақ та, бұл бізге отбасын құрып, бақытты болуға кедергі болмады. Мұндай елде өмір сүру және өз болашағыңды таңдау үлкен бақыт", - дейді ерлі-зайыптылар. Абай облысының тұрғындары өз таңдауын жасайды.