
Таңғы сағат 7-ден бастап қаланың барлық сайлау учаскелерінде президенттік сайлау басталды.
«Биыл алғаш рет дауыс бергендерге сыйлықтар қарастырылған. Сайлау учаскесі университет базасында болғандықтан, біз Абай мен Шәкәрім кітаптары түрінде сыйлық жасауды шештік. Осындай сыйлықты алғашқылардың бірі болып сайлау учаскесіне келген әже алды. Сыйлықтарды біздің учаскеде жылдан жылға дауыс беретіндер де алды», - дейді сайлау учаскесінің төрағасы Серік Түсіпов.
Алғашқылардың бірі болып өз таңдауын Светлана Пономарева жасады. Нәзік жанды азаматша оңай емес жұмысты атқаруда. Цемент зауытында жұмыс істейтін Светлана «Құрмет» орденінің иегері. Оның айтуынша, сайлауға қатысу әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы.
«Барлық семейліктерді мерекемен, Қазақстан Республикасы Президентінің сайлау күнімен құттықтағым келеді. Мен адамдарды сайлау құқығын жүзеге асыруға шақырғым келеді. Біз халық үшін, жайлылық үшін, бейбітшілік пен тыныштық үшін идеяларды насихаттауымыз керек. Сайлау - әрбір азаматтың өз таңдауын жасауға құқылы екендігін көрсетеді», - дейді Светлана.