Абай облысында жас жұбайлар президенттік сайлауға қатысты

Абай облысында жас жұбайлар президенттік сайлауға қатысты

Бүгін күн Жарма ауданындағы Задановтар отбасы үшін ерекше. Себебі, жас отаудың қабырғасы қаланған күн Президент сайлауымен тұспа-тұс келді. Ерлан мен Аяжан некесін қиып, бірден азаматтық борышын өтеу үшін сайлау учаскесіне келді.

«Бүгін біз үшін маңызды күн, өйткені бұл күні біз отбасымызды құрдық. Сондай-ақ, бұл күн бүкіл еліміз үшін тарихи оқиға - Президент сайлауымен тұспа-тұс келді. Біз азаматтық борышымызды орындап, еліміздің болашағы үшін таңдау жасадық» - деді қалыңдық.