
Ардагер өз таңдауын жасауды өзінің азаматтық парызы деп санайды.
"Ел басында тұратын адамды таңдау өте маңызды. Сайлауға қатысу - барлық қазақстандықтар үшін үлкен мәртебе және жауапкершілік", - дейді ҰОС ардагері.
Елеусіз Кинбаев 1925 жылы 11 наурызда Көкпекті ауылында дүниеге келген. 16 жасынан бастап "Ақжал" кенішінде жұмыс істеді. Жұбайымен бірге 8 бала тәрбиеледі, бүгінгі таңда 6 бала тірі. Жұбайы Кунапьянова Сара 2007 жылы Ақтас ауылында қайтыс болды. 1943 жылы әскер қатарына шақырылды. Амур облысы Благовещенск қаласында 120-шы миномет артиллериялық полкі қатарында майданға қатысты. "Маршал Жуков ордені", "Сталин ордені" және бірқатар мерейтойлық наградалармен марапатталған.
Еңбегі бағаланып, Румынияға жолдама арқылы жіберілді. Жалпы жұмыс өтілі 43 жыл. 1984 жылы құрмет демалысына шықты. Қазіргі уақытта Абай облысы, Көкпекті ауданы, Ақтас ауылында тұрады.