
Ережеге сәйкес келесі тармақтарға рұқсат берілмейді:
1) ауру малды жаю;
2) ортақ пайдаланылатын жерлерде, темір және автомобиль жолдарының бөлінген белдеулерінде, су қорғау белдеулері мен санитариялық қорғау аймақтарының шекараларында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға;
3) сәйкестендіру номерлері қойылмаған малды жаюға;
4) мал иелерінің не олар уәкілеттік берген адамдардың еріп жүруінсіз жайылым орнына дейін және кері айдау, жайылым, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын өткізу.
Сондай-ақ, қоғамдық шомылу орындарында, тоғандарда, субұрқақтарда, су айдындарында және жалпы пайдаланымдағы су қабылдағыштарда ауыл шаруашылығы жануарларын суаруға рұқсат берілмейді.
Мал иелері немесе оларды уәкілеттікке алған адамдар келесі ережеге сәйкес жайылымды ұйымдастыруға міндетті:
1) кенттер, ауылдық елді мекендер аумағының шегінде орналасқан жайылымдарда және шалғайдағы жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю;
2) жайылымға және кері қарай айдау кезінде малды алып жүру.
Аталған ережені бұзғаны үшін ауыл шаруашылығы жануарларын иелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.