
Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Tokyo Rope компаниясының өкілі Цуцуми Есихарумен кездесті.
Тараптар инвестициялық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Атап өткендей, Tokyo Rope — әлемдегі ең ірі жоғары технологиялық болат арқандар мен көпірлерге арналған кабельдік құрылымдарды өндірушілердің бірі.
-«Біз инвестициялық серіктестікке мүдделіміз. Өздеріңіз білетіндей, бізде көпір салу жұмыстары жүргізілуде. Семей қаласындағы аспалы көпірді күрделі жөндеу жоспарлануда, сонымен қатар жағалау абаттандырылады», - деп атап өтті өңір басшысы.