
Бірінші болып өңір басшысы геологиялық барлау колледжіне барды. Колледждің материалдық-техникалық базасына 47 оқу кабинеті, 22 зертхана, оқу-өндірістік шеберхана, оқу полигоны, спорт залы, оқу залы бар кітапхана, 800 адамға арналған акт залы, 160 орынға арналған екі асхана, медициналық пункт және 352 төсек-орынға арналған жатақхана кіреді.