Абай облысының аграршылары егін жинады

Абай облысының аграршылары егін жинады

Бүгінгі таңда Абай облысында дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар, көкөніс-бақша, картоп алқаптарының 100% - ы және дәнді дақылдардың 99% - ы жиналды. Ағымдағы жылы жалпы егін жинау алаңы 742,6 мың гектарды құрады. Бұл туралы баспасөз мәслихатында облыстың ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Анзор Абаев мәлімдеді.

-«Облыстың АШТӨ «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалы арқылы несиелеу бағдарламалары аясында егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге 904,7 млн теңгеден астам несиелік қаражат берілді», - деді Анзор Абаев.

-«2021-2025 жылдарға арналған АӨК инвестициялық жобаларын іске асыру жөніндегі жол картасы бекітілді, оған жалпы сомасы 52,6 млрд теңгеге 28 жоба енгізілді. Жобалар түрлі салалар бойынша 5 негізгі бағыт бойынша, соның ішінде суармалы жерлерді ұлғайту; ет және сүт өндіру; қолданыстағы өндірістерді жаңғырту және малдың гендік қорын жақсарту бойынша іске асырылуда».