Абай облысындағы көшпелі семинар-кеңес.

Абай облысындағы көшпелі семинар-кеңес.

Ағымдағы жылдың 4-5 қарашасында Абай облысы аумақтық сайлау комиссиясының және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен көшпелі семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңес аясында Қазақстан Республикасы ОСК Төрағасының орынбасары К.В. Петров, Қазақстан Республикасы ОСК мүшесі С.С. Мұстафина, Абай облысы АСК төрағасы Н.А. Фесенкомен бірге Семей қаласының және Абай облысы Бородулиха ауданының сайлау комиссияларының мүшелерімен кездесулер өтті.

Семинар-кеңес материалдарын іс жүзінде бекіту мақсатында Абай облысы АСК Семей қаласының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне № 49 ЖОББМ базасында іскерлік ойын ұйымдастырды. Қазақстан Республикасы ОСК мүшелері іскерлік ойынның ұйымдастырылуы мен өткізілуін жоғары бағалады. Жұмыстың бұл түрі алдағы уақытта сайлау кезеңінде УСК мүшелерін дайындау кезінде тәжірибеден өтетін болады.

 

Абай облысы

аумақтық сайлау комиссиясы