
2022 жылдың 4 қарашасында Абай ауданының Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы «Қазақстан Республикасы Президентін сайлаудың құқықтық аспектілері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге облыстық соттың судьялары, МАӘС судьялары, прокуратура, аумақтық сайлау комиссиясы, әкімдік және адвокаттар алқасының өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел жұмысы барысында сайлау заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік, сайлау құқықтарын қорғау жөніндегі істерді қараудың сот тәжірибесі және т.б. мәселелер қарастырылды.
Баяндамамен Абай облысы бойынша аумақтық комиссия мүшесі О.И. Сартаев пен Абай облысы бойынша аумақтық комиссия сарапшы-заңгер, PhD доктор М.Д. Қаражанов сөз сөйледі.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар әзірленді.