
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Абай облысына жұмыс сапарымен келді.
Ол бүгін Абай атындағы әмбебап кітапханада ҮЕҰ өкілдерімен, мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен, зейнеткерлермен, көп балалы аналармен кездесіп, олардың сауалдарына жауап берді.