ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР АЙМАҒЫ

ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР АЙМАҒЫ

Қаланың оң жағалау бөлігінде орналасқан Ибраев көшесінің қиылысынан бастап Жұмабаев көшесінен Беспаев көшесіне дейінгі бөлігінде жаяу жүргіншілерге арналған демалыс аймағын салу жоспарланып отыр.

Ауданы 0,3 га аумақта тротуар плиталарынан жаяу жүргіншілер жолдарын орнату, автомобильдердің бір жақты өтуі үшін жолдарды асфальттау және жақын орналасқан тұрғын үйлерде тұратын тұрғындардың қауіпсіздігі, №113 көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындары үшін балалар ойын алаңын орнату, жарықтандыру және көшет отырғызу жұмыстары жоспарлануда.

Бұрын бұл жер абаттандырылмаған және асфальт төселмеген жол болған. Жұмыстың аяқталу мерзімі - ағымдағы жылдың қараша айы.