
Құжат жобасы дайын. Енді бейінді министрліктермен бірлескен жұмыс басталғалы тұр.
Бұл туралы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев мәлімдеді.
Бекітілгеннен кейін кешенді жоспар жұртшылыққа жарияланатын болады.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Семей қаласына жасаған жұмыс сапары барысында облысты дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын дайындауды тапсырған болатын.
«Жоспарға барлық негізгі секторлар енгізілген. Оған ЖЭО және «Аягөз – Бақты – Ташен» темір жолының құрылысы, жеке инвестициялар, Айдарлы кен орнындағы тау-кен байыту комбинатының құрылысы, бүкіл өңір бойынша салынатын мектептер, балабақшалар, инфрақұрылым, емханалар құрылысы кіреді. Мұның бәрі жоспарда қарастырылған», - деп түсіндірді Нұрлан Ұранхаев.