
Бүгінгі таңда облыс бойынша 176 әлеуметтік бұрыш жұмыс істейді. Сонымен қатар, жыл басынан бері 306 жәрмеңке өткізіліп, 1,8 млрд теңгеге өнім сатылды. Қосымша, сауда желілерінің иелерімен қалалар мен аудандар әкімдіктері арасында ең төменгі сауда үстемесі 10% - дан аспау керектігі туралы меморандум жасасу бойынша жұмыс жүргізілуде. Барлығы 367 меморандумға қол қойылды.