ҚҰРМЕТТІ АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ

ҚҰРМЕТТІ АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ

Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы мемлекеттік гранттар беру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін өтінімдер қабылдауын жариялайды.
Өтеусіз негізде экономиканың басым секторларындағы шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде ісін жаңадан бастаған жас кәсіпкерлер конкурсқа қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін тапсырыс беру: «Электрондық Үкімет» веб порталы арқылы «Qoldau.kz» ақпараттық жүйесінде электрондық нұсқада.
Сондай-ақ, сұрақтар бойынша келесі жерлерге көмекке жүгінуге болады:
• Абай облыс әкімдігі, Қозбағаров көшесі, 8 үй, «Aqparat Ortalyqy», 1 қабат;
• Семей қаласы бойынша «Атамекен» ҰКП, Абай алаңы, 5 үй.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2022 жылғы 14 - 22 қараша (қоса алғанда) аралығында. Құжаттарды қабылдау кестесі сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін (жергілікті уақытпен).

Аталған мерзімнен кешіктіріліп түскен тапсырыстар қабылдауға жатпайды.

Кәсіпкердің «Qoldau.kz» веб-порталы арқылы
электрондық өтініш беру тәртібі: https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kasipkerlik
Байланыс тел.: +7 (771) 905-77-77 (Мұрат), +7 (701) 183-28-77 (Әділет)