
Ағымдағы жылдың басынан 18 жасқа дейінгі 17 707 бала тұратын 5673 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. 1 жастан 6 жасқа дейінгі аз қамтылған отбасылардан шыққан 7000-нан астам бала табиғи түрдегі азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түріндегі қосымша кепілдендірілген әлеуметтік пакет алды.
Бұдан басқа, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған 2 519 отбасына 37817,2 мың теңге (15000 теңгеден) сомасына біржолғы көмек көрсетілді. Мүгедек 523 балаға 73857 мың теңге сомасына үйде оқытуға жұмсалған шығындар өтелді.
Атаулы күндерге жергілікті бюджет қаражаты есебінен 30 мыңнан астам азаматқа біржолғы және ай сайынғы көмек түрінде әлеуметтік төлем төленді.
Қазіргі уақытта облыста 18 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтермен 5 мыңнан астам адам қамтылған.