
Жұмыс сапарымен Семей қаласына Қазақстанның Православ шіркеуінің басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр келді.
Қазақстан Митрополиттік округінің басшысы жексенбілік мектеп ғимаратында «Семипалатинск в годы лихолетья» атты көрмесінің ашылу салтанатына қатысып, шіркеуде литургия өткізді.
Бүгін митрополит Александр Абай облысының әкімі Нұрлан Уранхаевпен кездесті.
Қонақжай Абай жеріне қош келдіңіз! Православ қауымымен бірге Сіздің сапарыңызды біздің облыстың барлық тұрғындары үлкен құрметпен қабылдайтынын көру қуантады. Бізде, еліміздің барлық аймақтарындағыдай түрлі этностар мен дін өкілдері тату өмір сүруде. Біз бәріміз Рождество мен Рамазанды, Қасиетті Пасха мен Құрбан айтты құрметпен атап өтеміз. Мемлекет басшысының салмақты және дана саясатының арқасында Қазақстан түрлі діндердің "достық көпірі" деп танылды. Бұған әлемдік және дәстүрлі діндер съезінің өткізілуі дәлел бола алады, - деді Нұрлан Уранхаев.
Өз кезегінде Александр Астанайский Нұрлан Уранхаевты және тұрғындарды облыстың құрылуымен құттықтап, жаңа өңірдің барлық салада белсенді дамитынына сенетінін атап өтті.
Сондай-ақ, митрополит Александр біздің аймақтағы Православ шіркеуінің тарихы туралы да айтып берді.