Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев жұмыс сапарымен Ақсуат ауданында болды

Абай  облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев  жұмыс сапарымен   Ақсуат ауданында болды

Өңір басшысы Екпін ауылындағы «Жансая» шару қожалығыны 1000 басқа арнап салып жатқана бордақылау алаңымен танысты. Сондай-ақ мал шаруашылығы көрмесін тамашалады.

«Біздің облысымыз – аграрлық аймақ.  Осы саладағы қордаланған мәселелерді шешіп, өңірдің бәсекеге қабілетін арттыратын болсақ, өзімізді де, өзге өңірлерді де ауыл шаруашылық өнімдерімен толық қамтамасыз етуге болады. Осы орайда айта кетсек, Ақсуат ауданындағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің облыстағы үлесі – 8,3%. Мал басының өсімі, ет, сүт, жұмыртқа өндіру көрсеткіші  артып келеді.»-деді Нұрлан Ұранхаев.

   Облыс басшысы аудан орталығындағы «Ақсуат» колледжінде болып, білім ошағының жұмысын көрді. Бүгінде колледж ғимараты жөндеуді қажет етеді. Материалдық-техникалық базасын жаңартып студенттерге арналған қосымша жатақхана ғимаратын салу қажеттілігі бар.

Нұрлан Ұранхаев Ақсуаттағы дене шынықтыру- сауықтыру кешеніне барып, мекеменің тыныс-тіршілігін көзбен көрді.

   Облыс басшысы өз сөзінде, «Ауданда спортпен шұғылданушылардың үлесі 3500 оқушының 20% құрайды. Бұл, әрине, өте аз. Біз, жастардың спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануына барлық жағдайды жасауымыз керек.» - деп атап өтті.

Облыс әкімі аудандық мәдениет үйінде орналасқан № 935  сайлау учаскесінің сайлау науқанынан дайындық жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар аудан халқымен кездесу ұйымдастырды.

«Медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру үшін «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында 2025 жылға дейін Сәтбаев ауылында дәрігерлік амбулатория, Аққала ауылында медициналық пункт,  Серіктес ауылында медициналық пункт салу жоспарланған. Сондай-ақ «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» денсаулық сақтау саласындағы пилоттық жоба шеңберінде Ақсуат ауданында Үштөбе, Мурсәлім, Айнабастау, Ақжал, Кіндікті, Екпін, Қызыл Жұлдыз, Сұлутал, Көктөбек ауылдарында 9 жаңа дәрігерлік амбулатория салу жоспарланған.» - деді облыс әкімі.

Халықпен кездесу соңында, өңір басшысы тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады.