Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев жұмыс сапарымен Көкпекті ауданына барды

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев жұмыс сапарымен Көкпекті ауданына барды

Сапар барысында өңір басшысы мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездесті. Халықпен кездесу барысында тұрғындар өздерін көкейкесті сұрақтарын қоя алды.
Кездесуден кейін азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау ұйымдастырылды.

▫️Айта кетейік, Көкпекті ауданында 14 мыңнан астам адам тұрады. Аудан аумағы арқылы облыстық, сондай-ақ республикалық маңызы бар «Омбы – Майқапшағай» автожолы өтеді. Жергілікті жолдар 28 елді мекенді байланыстырады. Халықты орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету 26 ауылдық округті құрайды, бұл дегеніміз 92,8% көрсеткіш.

Нұрлан Ұранхаев, Абай облысының әкімі:

- Облыс бойынша кәсіпкерлікті дамыту бағытында да оң өзгерістер бар.
Бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны– 45 907 болса, оның 1300-і Көкпекті ауданының аумағында орналасқан.
Облыстағы бөлшек тауар айналымының көлемі 18%-ке ұлғайып, 284,2 млрд.теңгені құрады. Көкпекті ауданы бойынша бұл көрсеткіш – 2,5 млрд. теңге. Облысымыз - аграрлық аймақ. Осы саладағы қордаланған мәселелерді шешіп, өңірдің бәсекеге қабілетін арттыратын болсақ, өзімізді де, өзге өңірлерді де ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етуге толық мүмкіндігіміз бар.
Қазіргі таңда, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі, өткен жылмен салыстырғанда, 18,3%-ке, яғни 266 млрд.теңгеден 314,4 млрд. теңгеге дейін өскен.
Ауданның үлесі –7,3%. Мал басының өсімі, ет, сүт, жұмыртқа өндіру көрсеткіші біршама артып келеді.

Нұрлан Ұранхаев, Абай облысының әкімі:

Орын тапшылығы – 9 мың 824 орын. Осы мәселені шешу мақсатында 5 мың 100 орынға арналған 9 мектеп салу жоспарлануда. Ағымдағы жылы 1700 орындық 4 жаңа мектеп іске қосылды.

Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық жобасы аясында, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін одан әрі жақсарту үшін Көкпекті ауданында Шәріптоғай, Мамай, Биғаш, Қарамойыл, Үшкөмей, Үлгілі малшы ауылдарында 6 жаңа дәрігерлік амбулатория ашу жоспарланған.