Абай облысында "Екі жұлдыз" фестивалі өтті

Абай облысында "Екі жұлдыз" фестивалі өтті

Қалалық мәдениет сарайында өткен шығармашылық фестиваліне мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастар қатысты. Іс-шара мүгедектер күніне және балалар жылына орайластырылған.

Сахнада балалар кәсіби әртістермен және вокал сабағының оқытушылармен бірге өнер көрсетті. Қатысушылардың әрқайсысының өз тәлімгері бар. Олардың айтуынша, фестивальге дайындық оңай болған жоқ, бірақ өте қызықты өтті.