
Курчатов қаласында тұратын көп балалы ана сәбиіне мүгедектер арбасын сатып алу үшін көмек сұраған болатын.
Бұл туралы естіген еріктілер, кәсіпкерлер және "КМЭП" КМҚК ұжымы көп балалы ананың өтінішін жерге тастамай, мүгедектер арбасын сатып алу үшін қажетті соманы жинап, Республика күні қарсаңында табыс етті.
Көп балалы ананың айтуынша, бұл өте қымбат, бірақ қажетті зат. Көпфункционалды мүгедектер арбасы олар үшін қол жетімді болмады, өйткені отбасында тек жұбайы ғана жұмыс істейді. Енді олар көшеге кедергісіз шығып, таза ауада көбірек жүруге мүмкіндік алады.
Сондай -ақ, көмектескендердің барлығына көпбалалы ана алғысын білдіріп, денсаулық, ал барлық сәбилерге-бақытты балалық шақ тіледі.