
Республика күні қарсаңында Көкпекті ауданының Көкжайық ауылында су құбыры іске қосылды.
Көкжайық ауылындағы су құбыры желісінің салтанатты іске қосылу шарасына аудан әкімі Оразбаев Ділдәбек Тәжібайұлы қатысты. Шара барысында аудан әкімі ауыл тұрғындарын келе жатқан ұлттық мейрам Республика күнімен және су құбырының іске қосылуымен құттықтады. Көкпекті ауданының Көкжайық ауылында бүгінгі күні барлығы 296 үйде 1079 адам тұрады. Бұрын соңды Көкжайық ауылының тұрғындары таза ауыз суды жеке өздері қаздырған үй құдықтарынан алатын.
Жоба 2019 жылы басталып бүгінгі күні іске қосылды.