Абай облысында Республикалық біліктілікті арттыру курстары басталды

Абай облысында Республикалық біліктілікті арттыру курстары басталды

Семей қаласының биологиялық орталығында «Қосымша білім арқылы оқушыларға экологиялық тәбие беру әдістері» атты республикалық біліктілікті арттыру курстары өтуде. Оған балаларға қосымша білім беретін ұйымдардың ұстаздары мен мамандары қатысуда. Курстарды қосымша білім берудің республикалық оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырды.

Республикалық курстар қазақ тілінде 25, орыс тілінде 25 адамға екі топта оқытылуда. Оған еліміздің әр қаласынан педагогтер келіп, қатысуда.