Жарқын ауылында жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Жарқын ауылында жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев жұмыс барысын қадағалап, ауылдағы түйіткілді мәселені бақылауға алды.

«Жарқын ауылы тұрғындарының өтініші бойынша жолдарды жөндеу жұмыстары қайта жанданып отыр. Мердігермен келісімге келдік. Қараша айында жұмыс аяқталады», - деді аймақ басшысы.

Жалпы 7 шақырымнан аса жолды жөндеу жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, өңір басшысы өткен аптада тұрғындармен кездесіп, талап-тілектерін тыңдаған болатын.