Абай облысының спортшылары ашық Азия Кубогінде сәтті өнер көрсетті

Абай облысының спортшылары ашық Азия Кубогінде сәтті өнер көрсетті

Чемпионатқа 13-тен астам елден 200 спортшы қатысты. Жарыс Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстан самбо федерациясының төрағалығымен алғаш рет өтті. Ондаған әлем чемпиондары мен құрлықтық турнирлердің жеңімпаздары кілемде жеңіс үшін күресті.

Нәтижесінде: спорттык самбодан Имаханов Есентай 64 кг салмақта 1 орын, Бейсембаев Елдар 88 кг салмақта 2 орын, жауынгерлік самбодан Рахметоллин Маратбек 64 кг салмақта 3 орын, Дүйсембеков Бақытжан 79 кг салмақта 1 орын, Смаилов Асылбек 79 кг салмақта 2 орын, Секен Дамир +98 кг салмақта 3 орын иеленді.

Айта кетейік, Ақтауда спорттық және жауынгерлік самбодан ашық Азия кубогы аяқталды.