Семейде тозығы жеткен жеделсатылар жаңартылады

Семейде тозығы жеткен жеделсатылар жаңартылады

Семейде апатты жағдайда тұрған жеделсатылардың саны азаяды. Осыған байланысты келесі жылдан бастап тозған жеделсатыларды алмастыру және толығымен жөндеу жоспарлануда.

Қаладағы тұрғын үйлерде 675 жеделсаты бар. Олардың 395-і қолдану мерзімінен (25 жыл) асып кеткен. Сондай-ақ 47 тұрғын үйде жеделсаты мүлдем істемейді.

Осыған байланысты көппәтерлі тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасы әзірленді. Аталған бағдарлама бойынша пәтер, тұрғын емес үй-жайлардың иелері мемлекет көмегінің арқасында жеделсатыларды ауыстыра алады. Яғни, мемлекет тарапынан құны төленген соң, тұрғындар ортақ мүліктегі үлесіне сәйкес 7 жыл ішінде қаражатты қайтаратын болады.

Жеделсатыларды ауыстыру үшін тұрғындарға:

1. Бағдарламаға қатысуға өтінім беру;

2. Ақау туралы акт хаттамасын, коммерциялық ұсыныс және әрбір пәтерге төлем кестесін бекітіп, тұрғындар мен лифт жабдығын жеткізуші арасынан бастамашыл топ мүшелерін таңдау;