Абай облысында Республика күнін мерекелеуге дайындық қарқынды жүріп жатыр

Абай облысында Республика күнін мерекелеуге дайындық қарқынды жүріп жатыр

Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысы Айдар Ибраевтің айтуынша, облыста дөңгелек үстелдер, көрмелер, патриоттық сағаттар, поэтикалық кештер, зияткерлік ойындар, өнер фестивальдері өтеді.

- 22 қазанда Абай театрында Республика күніне арналған салтанатты жиын мен мерекелік концерт өтеді. Мерекелік концерт бағдарламасы «Бабалар аманаты» театрландырылған қойылымымен, Республиканың жетістіктері шежіресімен, сондай-ақ шығармашылық ұжымдардың қойылымымен сүйемелденетін болады, - деді Айдар Ибраев.

25 қазанда Семейдегі Арбатта мерекелік іс-шаралар өтеді.