Абай облысының төтенше жағдайларға дайындығы пысықталды

Абай облысының төтенше жағдайларға дайындығы пысықталды

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссияның отырысында бірқатар тапсырмалар берді.

Естеріңізге сала кетейік,облыс аумағында биылғы жылдың 9 айында 726 төтенше жағдай болған.

Облыс басшысы жылыту маусымының басталғанын ескере отырып, қалалар мен аудандардың әкімдіктері, ТЖД, әлеуметтік нысандарда өртке қарсы алдын-алу шараларын жүргізу жөніндегі жұмысты күшейтуі қажет екенін айтты.

Нұрлан Ұранхаев, Абай облысының әкімі

-халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын үйлерде улы газ датчиктерін орнату қарастырылсын;

- көлік магистральдарындағы сырғанауларды жою үшін жанар-жағармай және көктайғаққа қарсы материалдар қоры құрылсын;

- қысқы жағдайда жылыту пункттерінің болуын және жұмысқа дайындығы тексерілсін;
- жол бойындағы кафелерді жүргізушілер, қар құрсауында қалған жолаушылар үшін қосымша жылыту пункттері ретінде пайдалану туралы келісімшартқа отыру қарастырылсын.