
Сіздердің назарларыңызға Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2021 жылғы 30 желтоқсанда № 97-VII ҚРЗ "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" қол қойылған Заңы, 2022 жылғы 2 наурызда күшіне енгені туралы хабарлаймыз.
Осы Заң жануарларды қорғау, оларға қарау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адамгершілікті нығайту және қоғамның ізгілік қағидаттарын сақтау, сондай-ақ жануарларға қарау кезінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Жануарларға жауапкершілікпен қарауды реттеу қағидаттары: жануарларға ауырсыну мен физикалық қиналуды сезіне алатын тіршілік иесі ретінде қарау, жануардың тіршілігі, саулығы мен амандығы үшін иесінің дербес жауапты болуы, жануарларды қатыгездікпен қараудан қорғау, халықты жануарларға адамгершілікпен және ізгілікпен қарауға тәрбиелеу жануарларға жауапкершілікпен қарауды реттеу қағидаттары болып табылады.
Жануарларды ұстау жөніндегі жалпы талаптарға:
1) жануарлардың биологиялық, түрлік және жеке ерекшеліктеріне сәйкес келуге, олардың табиғи қажеттіліктерін қанағаттандыруға тиіс жануарларды ұстау жағдайлары;
2) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес жануарлар ауруларының профилактикасын, диагностикасын, оларды емдеуді және жоюды қамтамасыз ету жатады.
Осы заңмен толық танысу үшін сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз