Семейде робототехника орталығы ашылды

Семейде робототехника орталығы ашылды

Орталықтың салтанатты ашылуына, облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев пен «Сәби» қорының негізін қалаушылар Әсел Тасмағамбетова мен Кеңес Рақышев қатысты.

Жаңа кабинет «Activepanel AP 75» сенсорлық моноблогымен, радиобасқарылатын үлгілерді жасауға арналған робототехникалық жинақпен, модельдерді құюға арналған «CREATOR Pro» 3Д принтерімен, роботтардың футбол ойнауына арналған футбол алаңдарымен және инфрақызыл доптармен жабдықталған.

Өңір басшысы балаларды жаңа технологияларға тартудың маңыздылығын атап өтті.

«Осындай қолдаудың арқасында көптеген балалар ғылыми-техникалық салада, инновациялық салада білім алуға мүмкіндік алды. Семейде жаңа цифрлық орталықтың ашылуы біздің облысымыздың балалары үшін өзекті, өйткені робототехника – болашақтың ең мүмкіндігі жоғары бағыттарының бірі. Біз балаларға жаңа білім алуға және өз әлеуетін іске асыруға көмектесетін барлық жобалар бойынша бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз", - деп атап өтті Нұрлан Ұранхаев.

«Сәби» қорының президенті Әсел Тасмағамбетова, орталықтарды республикалық деңгейде масштабтау туралы шешімнің кездейсоқ пайда болмағанын түсіндірді.

«Market Research Future зерттеуіне сәйкес робототехниканың жаһандық нарығы жыл сайын 22,8% - ға өседі және 2030 жылға қарай $214,68 млрд.долларға жетеді деп күтілуде. "Сәби" қоры 20 жылдан астам Қазақстанның өңірлік қалаларында қайырымдылық жобаларын жүзеге асырып келеді және бізде дарынды балалар мен талантты педагогтардың көп екеніне көзімізді жеткіздік. Бұл бізге робототехника орталықтары сұранысқа ие болады және жоба жақсы нәтиже береді деп болжауға негіз береді", - деді Әсел Тасмағамбетова.

Семейдегі Орталықтың жалпы ауданы - 75 ш. м. Жобаның құны 26,3 миллион теңгені құрады.
Робототехника орталықтарына барлық қалаған оқушылар тегін бара алады.