
Әлем чемпионаты 13 мен 20 қыркүйек аралығында Румынияның Констанца қаласында өтіп, оған 20 елдің спортшылары қатысты.
Полиция лейтенанты Сафуан Мұратбеков Қазақстан құрамасы сапында 74 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, финалдық белдесуде румыниялық спортшыдан басам түсті.
Сафуан – QAZAQ KURESI бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның және Азияның бірнеше дүркін чемпионы.