Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Абай ауданына жұмыс сапарымен келді

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Абай ауданына жұмыс сапарымен келді

Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназиясының жұмысымен танысты. 300 орындық білім ошағы 2020 жылы қолданысқа берілген.


Облыс басшысы сонымен бірге Абай аудандық орталық аурухананың жұмысымен танысты. Аталған мекеме қолданысқа 1976 жылы берілген. «Өкінішке орай, ғимарат ескірген, сондықтан күрделі жөндеуді қажет етеді. Оның жоспарлы сметалық құжаттамасы дайын. Бүгінгі таңда ғимараттың үшінші қабатында күрделі жөндеу жұмыстарын бастадық. «Жалпы алғанда аудан бойынша үш ауруханаға осындай жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Бұдан бөлек қолданыстағы 3 санитарлық автокөлігіміз 70-80 пайызға тозған», дейді аудандық аурухананың бас дәрігері Бақытжан Қалбабаев.

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев ауданда 2018-ші жылы қолданысқа берілген жүзу бассейінінің жағдайымен де танысты. Бассейнге күніне 100 адам келіп, суға жүзіп қана қоймай, жаттығу залында дене шынықтыра алады.

Нұрлан Ұранхаев - Абай облысының әкімі

2026 жылға дейін облыс бойынша 56 сумен жабдықтау объектісін салу және реконструкциялау жоспарлануда.
Ауылдық елді мекендерде осындай 43 нысан салынады, оның екеуі – Абай ауданында. Баспанамен қамту мәселесі ретімен іске асырылуда. Жыл соңына дейін ауданда 45 жеке тұрғын-үй пайдалануға беріледі.

Әрине, ауданның жолдарына қатысты өзге кілтипандар да жоқ емес. Мысалы, Бөрлі ауылына дейінгі, «М.Әуезов музейіне кіреберіс» деп аталатын бірнеше шақырымды жер төсемін көтеру арқылы күрделі жөндеу қажет.
«Қоңыр әулие» үңгіріне баратын туристер облыстық маңызы бар «Семей-Қарауыл» автожолымен жүреді. Себебі, Абай-Шәкәрім кесенесі, Еңлік-Кебек, Күшікбай батыр ескерткіштері орналасқан.
Қарауыл ауылынан «Қоңыр әулие» бұрылысына дейінгі қашықтық 65 шақырым болса, оның 10 шақырымы ғана асфальт төсемінде. 2023 жылы 154-169 шақырым мен 169-184 шақырым учаскесін қиыршық тастан асфальт жабынына ауыстырып, орташа жөндеу жүргізу жоспарлануда.
Мұндай қиыншылықтар облыстағы басқа елді мекендерде де бар.
Облыстағы, аудандағы жолдардың сапасы мен оны жөндеу бойынша қазіргі таңда тиісті мекемелер нақты ұсыныстар мен іс-шараларды әзірлеп жатыр.

Жуық арада біз Сіздермен Мұхтар Әуезовтың 125 жылдық мерейтойын атап өтеміз. Алдыңғы кездесуде жазушының өмірі мен шығармашылығын насихаттауға байланысты біраз ұсыныстар да болды. Біз олардың барлығын ескереміз. Тарихи орындар мен ескерткіштер заман талабына сай болу үшін кешенді жұмыстар жасалатын болады.
«Ойқұдық», «Еңлік-Кебек»... «Абай жолында» суреттелген барлық тарихи жерлер туристік маршрутқа ену керек. Бұл аудан үшін де, облыс үшін де қосымша табыс көзі болмақ.
Біз бай тарихымызды, ұлы перзенттеріміздің мол мұрасын кеңінен насихаттау арқылы, өңірдің туристік тартымдылығын арттыруға қызмет жасауымыз керек.
Біздің, «Мұнайымыз жоқ болса да, Абайымыз бар»!
Әлемде Ұлы тұлғаларын дәріптеу арқылы экономикасын нығайтқан елдер бар. Еліміздің тарихи-мәдени орталығы болған бұл мекеннің де даму перспективасы бар деп есептеймін!

▫️Абай ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтылды