БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!" СИГНАЛЫ

БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!" СИГНАЛЫ

Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне Республикалық тексеруді дайындау және жүргізу жөніндегі ұйымдастыру нұсқауларына сәйкес, 2022 жылғы 13 қыркүйек күні сағат 12:55-те, телеарналардың («Хабар», «Қазақстан», «31 арна», «24 KZ», «Евразия», «КТК», «НТК») хабарларын таратуды ұстап қалу аппараттарын жұмылдыра отырып және электр дабылдарын қосу арқылы, Абай облысында құлақтандыру жүйесін тексеру жүргізіледі.
Қала тұрғындардан сабырлық сақтап, дүрбелеңге түспеуді өтінеміз.

Төтенше жағдайлардың туындау қатері немесе туындауы кезінде халықтың назарын аудару үшін электр дабылдары немесе басқа да сигналдық құралдар қосылады. Бұл «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналының берілгендігін білдіретінін естеріңізге саламыз.

Бұл сигнал бойынша не істеу керек?

Егер Сіз жұмыста, қоғамдық орында, көшеде болсаңыз және сирена дыбысын, "БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!" сигналын естісеңіз теледидарда жергілікті арналарын қосып, ақпаратты мұқият тыңдаңыз және диктордың нұсқауларын орындаңыз!

Бұл "БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!" сирена дыбысы екенін балаларға да түсіндіруі қажет.

Оны естігенде қорқудың қажеті жоқ. Сигнал себебін түсіндіруді күту керек. Көршілеріңізге хабарлаңыз, олар алдын-ала берілген ақпаратты естімеген болуы мүмкін. Кез-келген дүрбелең мен қауесетті дереу тоқтатыңыз.

Сиреналардың жаттығу қосылыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз, - деп хабарлайды Абай облысының ТЖД.