
Бұл туралы бүгін Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Марат Сандыбаев мәлімдеді.Естеріңізге сала кетейік, кеше өрттен зардап шеккен жерлесіміз, Амангелді Тұрлыбековке жанашыр халық қан өткізген болатын. Қан қорының толыққанын, сондай-ақ қан компоненттерінің жеткілікті мөлшерде екенін хабарлағым келеді. Сіздердің тапсырған қаныңыз тек өрттен зардап шеккендерге ғана емес, сонымен қатар біздің облыстың клиникаларында емделіп жатқан көптеген басқа да науқастарға көмектеседі, - деді Марат СандыбаевДесе де қанды ерікті түрде тапсырушыларға арнайы медициналық пунктер жұмыс істеп тұр. Қан тапсыруға ниеттілерді Семей қаласының қан орталығы - Сеченова 4 мекенжайы бойынша күтеді. Анықтама телефоны-42-15-34.