Абай облысында тұңғыш рет ең үздік ауыл әкімі таңдалды

Абай облысында тұңғыш рет ең үздік ауыл әкімі таңдалды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қолдауымен республика бойынша «Үздік ауыл әкімі» байқауы өткізілуде, алдағы 3 жылға ауылдық округті дамыту бойынша өзінің жобалау жұмыстарын ұсыну және өзінің әкімшілік аумағының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы ақпараттандыру арқылы.

Аталған конкурстың мақсаты жұмыста жоғары практикалық нәтижелерге қол жеткізген, ауылдық елді мекендердің дамуына елеулі үлес қосатын үздік ауыл әкімдерін анықтау және көтермелеу болып табылады.

Конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша өңірлік комиссия Абай облысынан ең үздік ауыл әкімі болып Аягөз ауданы Малкелді ауылдық округінің әкімі Мақсат Ғылымбекұлы Исахановты (2020 жылғы қаңтардан бастап әкім) таныды, ол Абай облысын Республикалық деңгейде білдіреді.

Өмірбаяны: Мақсат Ғылымбекұлы 1988 жылы бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Баршатас ауылында дүниеге келген. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша жоғары білімі бар. Үйленген, төрт жас баланың әкесі.

Еңбек жолын Аягөз қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы болып бастаған. Мемлекеттік қызметте Малкелді ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманынан (2017 жылдан) бастап, осыған дейін 2013-2015 жылдар аралығында осы әкім аппаратында іс жүргізуші лауазымында жұмыс істеді.

Бұл жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасының Ұлттық жаңғыру кезеңіне өтуі жөніндегі 2022-2024 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде іске асырылуда.