
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Жарлығымен жаңа Абай, Жетісу, Ұлытау облыстары құрылды.
Осыған байланысты «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 маусымдағы №417 қаулысы негізінде «Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті» РММ-нен бөлу жолымен «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Абай облысы Әділет департаменті» РММ құрылды.
Абай облысының Әділет департаменті мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысындағы заңдылық режимін қолдайды, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.
Департамент құрылымына Семей қаласының ауданаралық Әділет басқармасы, Үржар ауданаралық Әділет басқармасы, Семей қаласының ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі, Үржар ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі, Жарма ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі, сондай-ақ тіркеу қызметі саласындағы әдіснамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі, халыққа заңгерлік қызмет көрсету құқықтық түсіндіру жұмысы бөлімі, атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімі, зияткерлік меншік құқығы бөлімі, қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімі және әкімшілік-құқықтық бөлімі кіреді.
Абай облысының Әділет департаментінің баспасөз қызметі