Абай облысында "Қазақстан халқына" Әлеуметтік қорының қандай қайырымдылық бағдарламалары өңірде жұмыс істей бастайтынын талқылады

Абай облысында "Қазақстан халқына" Әлеуметтік қорының қандай қайырымдылық бағдарламалары өңірде жұмыс істей бастайтынын талқылады

Қыркүйек айында «Қазақстан халқына» қоры қызметінің мақсатты бағытын айқындау үшін ұлттық қайырымдылық конференциясын өткізуді жоспарлап отыр. Онда жаңа тұжырымдама мен қайырымдылық бағдарламалары қабылданады.
Бүгін Абай облысында "Қазақстан халқына" әлеуметтік қорының қандай қайырымдылық бағдарламалары жұмыс істейтіні талқыланды.
Абай облысының атқарушы билік органдарының, бизнес және қоғамдық ұйымдарының өкілдері қайырымдылық көмектің қандай бағдарламалары өңір үшін ерекше маңызды екені туралы ұсыныстарын айтып, түйткілді тарқатудың инновациялық әдістерін талқылады, болашаққа міндеттер қойды.
Айта кетейік, жақында құрылған «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорына қайырымдылық көмекке түскен қаражат қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесуге арналған. Мысалы, Қор бағдарламаларының бірі түрлі себеппен ЖОО-да оқуды аяқтай алмаған студенттерді қолдауға да бағытталған.