Семей қаласындағы әуежайында рейстер санын арттыру жоспарлануда

Семей қаласындағы әуежайында рейстер санын арттыру жоспарлануда

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Семейдегі халықаралық әуежайға барды. Ол 1982 жылы пайдалануға берілді. Әуежайдың өткізу қабілеті сағатына 200 жолаушы, оның ішінде ішкі желілерде 80% және халықаралық желілерде 20%. Ғимараттың жалпы ауданы - 3500 шаршы метр. Ұшу-қону жолағы бетонмен жабылған, көлемі - 3100x45.
2015-2018 жылдары «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ұшу-қону жолағын, рульдеу жолын реконструкциялау, сондай-ақ авариялық-құтқару станциясының, орталық тарату пунктінің, қазандықтың, су станциясының құрылысы және аэровокзалды реконструкциялау жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан – Семей – Нұр-сұлтан; Алматы – Семей – Алматы; Шымкент – Семей – Шымкент бағыттары бойынша тұрақты авиарейстер ұшуда.
Кездесу барысында әуежайдың қосалқы объектілеріне және әуе кемелері үшін 2-ден 14 орынға дейін тұрақтарды ұлғайтуға, сондай-ақ қызмет көрсететін арнайы техниканы жаңартуға мұқтаж екені белгілі болды.