
Экономикалық зерттеулер институты Абай облысының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын әзірлеу кезінде әдістемелік қолдау көрсетеді.
Бұл туралы Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімовтің "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ басқармасының төрағасы Руслан Сұлтановпен кездесуінен кейін белгілі болды.
Сонымен қатар, Айдын Кәрімов "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ басқармасының төрайымы Гаухар Бөрібаевамен кездесті.
Кездесу барысында облыста кәсіпкерлікті дамыту мәселелері талқыланды. Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың маңыздылығы атап өтілді, аудан орталықтары мен ауылдық жерлерде жобаларды дамытуға ерекше көңіл бөлінді.
Жалпы, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Абай облысында кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында 88 жоба субсидияланды.