21.07.2022 ж. жағдай бойынша Абай облысындағы бензин қоры

21.07.2022 ж. жағдай бойынша Абай облысындағы бензин қоры

21.07.2022 ж. жағдай бойынша Абай облысындағы бензин қоры:

АИ-92-7,16 мың тонна мұнай базасы және 5,6 мың тонна жолда ( жолды қоса алғанда 16 күнге жеткілікті). АИ-95-0,77 мың тонна және 1,82 мың тонна жолда (жолды қоса алғанда 16 күнге жеткілікті). Дизель отыны - 15,08 мың тонна және 1,91 тонна жолда ( жолды қоса алғанда 16 күнге жеткілікті). ҚР МӨЗ-н ШҚО-ға АИ-92 мен АИ-95 жөнелту күшейтілді.

Алакөл бойынша жағдай: Осы аптада Қабанбай ауданындағы 2 жекеменшік ЖМҚС-на, көршілес Ақсуат ауданындағы 4 ЖМҚС-на Petro retail ЖШС-нен (QazaqOil ЖМҚС желісі) 60 тонна бөлінді. ҚМГ түнде Аягөз қаласына ПКОП арқылы 625 тонна бензин құюды жоспарлап отыр, "Petro retail" ЖШС жедел түрде Ақсуат ауданындағы 4 ЖМҚС-на бензин жеткізеді.

Бұрын бұл 4 ЖМҚС жанар-жағар майды "Парнас" ЖШС-нен сатып алатын, алайда, аталған компанияның байланысқа шықпауынан ЖМҚС қамтамасыз ету мәселесі туындады. Осыған байланысты, жедел түрде жоғарыда аталған шаралар қабылданды.

Жүйелі шара ретінде ЖМҚС-на биржаға тіркелу және ЖЖМ бойынша биржалық сауда-саттыққа қатысу ұсынылады. Бұл ЖЖМ тікелей сатып алуға мүмкіндік береді.