Жаңа оқу жылында Семейде екі мектеп ел игілігіне беріледі. 1200 орынға арналған білім мекемесі Шығыс кентінде, 300 орындық мектеп Степной кентінде ашылады

Жаңа оқу жылында Семейде екі мектеп ел игілігіне беріледі. 1200 орынға арналған білім мекемесі Шығыс кентінде, 300 орындық мектеп Степной кентінде ашылады

Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев құрылыс нысандарын аралаған кезде мәлімдеді.
Аймақ басшысының бірінші барған жері Степной кенті болды. Онда бүгінде 300 орындық мектептің құрылысы жүргізілуде.
«Қазіргі таңда әрлеу жұмыстары жүргізілуде. 1 қыркүйекке дейін барлық жұмыстар аяқталады. Жылумен жабдықтау желілері бойынша проблемалар бар», - дейді мердігер компания өкілдері.
Сондай-ақ, өңір басшысы Шығыс кентіндегі 1200 орынға арналған мектеп құрылысымен танысты. Мұнда құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.
Облыс басшысы мектепте үлкен спорт залының бар екеніне тоқталып, өскелең ұрпақ арасында спортты дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, Нұрлан Ұранхаев Қарағайлы шағын ауданындағы тұрғын үй құрылысының барысымен танысты. Облыс әкімі бейінді басқармалар мен бөлімдерге жұмыс барысын бақылауды тапсырды.