Нұрлан Ұранхаев “Абыралы-Дегелең” қоғамдық қорының мүшелерімен кездесті

Нұрлан Ұранхаев “Абыралы-Дегелең” қоғамдық қорының мүшелерімен кездесті

Кездесу барысында Абралы өңірінің тумалары өңірдің бүгіні мен болашағын тілге тиек етіп, облыс әкіміне өздерінің ұсыныс-тілектерін айтып берді. Әкімшілік-аумақтық бөліністер нәтижесінде Семей қаласына қараған Абыралы өңіріне қарасты ауылдық елді мекендерде 4 мыңға жуық тұрғын бар.
Шаруашылықтың негізгі көзі - мал шаруашылығы. Абыралылық ақсақалдардың айтысы да, осы саланы одан әрі дамыту қажеттілігіне саяды. Өз кезегінде, барлық қатысушылардың сөздерін тыңдай келе, аймақ басшысы өңірдің келешек дамуын айқындау үшін жауапты мамандар тартып, жан-жақты зерттеп, зерделеу қорытындысы бойынша нақты ұсыныстар әзірленетіндігін айтып берді.
Кездесу соңында елімізге белгілі тарихшы ғалым Болатбек Насенов пен ақын Бауыржан Жақып өздерінің құнды еңбектерін облыс әкіміне тарту етті.