
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов пен Абай облысының әкімі Н. Ұранхаевтың ресми кездесуінен кейін ағымдағы жылдың 12-13 шілдесінде Абай облысының жұмыс тобы Өскемен қаласына сапармен барды.
Әкімдердің бірінші орынбасарлары мен салалық басқармалар басшыларының кездесуі барысында екі облыстың бюджеті мен коммуналдық мүлкінің бөлінісіне қатысты мәселелер қаралды.
Білім беру саласын қаржыландырудың проблемалық мәселелеріне баса назар аударылды. Қосымша қаржыландыру мәселесін анықтап алу үшін екі облыс басқармаларының басшылары мен мамандары бірлесіп Оқу-ағарту министрлігіне жүгінеді.
Бюджет параметрлері нақты келісілгеннен кейін, 1 тамыздан бастап бөлек бюджет пен облыс бюджеттерін бекіту бойынша облыс мәслихаттарының сессияларын кезең-кезеңімен өткізу жоспарланды.
Семей қаласындағы "Адал" сауда желісіне 20 тонна қант жіберуге қатысты да сөз қозғалды. Тамыз айында “Ертіс” ӘКК бағыты арқылы қосымша 6 вагон қант жіберу жоспарлануда.