Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев орталық саябақты аралап көрді. Ол саябақты басқарумен кәсіпкерлер айналысуы керек деп есептейді

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев орталық саябақты аралап көрді. Ол саябақты басқарумен кәсіпкерлер айналысуы керек деп есептейді

«Егер бұл жерде кәсіп болса, онда бұл жер түрленіп кетуші еді. Елордада және Алматыда скверлер мен саябақтар кәсіпкерлерге берілді. Осындай саябақтарды күту – бюджетке жүктеме екенін түсіну керек. Егер кәсіп көзі болса, онда ол өзімен бірге барлығын алып келеді, электр энергиясын, қыста қарды тазалауды, барлығын алып келеді. Кәсіпкерлер адамдарды тарту үшін және табыс табу үшін барлығын жасайды. Мемлекет, шын мәнінде, менің тәжірибем бойынша осындай жұмыстарды ұйымдастыра алмайды. Олардың басқа да жұмыстары көп», - деді Нұрлан Ұранхаев.
БАҚ өкілдерінің «егер саябақ кәсіпкерлерге беріліп, кіру ақылы болған жағдайда қалай болады» деген сұрақтарына, әкім «кіру тегін» болады деген жауап берді.
«Саябақ ақылы болуы мүмкін емес. Ол үшін уайымдамаңыздар. Бұл біздің қалалық саябағымыз, тек оны басқалар басқарады. Егер бұл жерге кәсіп келген жағдайда, жер олардың аттарына рәсімделмейді. Бұның барлығы тек тендер жағдайында ұйымдастырылады. Кәсіп барлығын жақсы етіп жасайды. Саябаққа кіру ешқашан ақылы болмайды және саябақ ешқашан жеке меншікке өтпейді», - деп сендірді Нұрлан Ұранхаев.
Сонымен қатар, облыс әкімі қала көркін бұзбайтындай етіп, саябақ жанында орналасқан гүл сататын орындарды қалыпқа келтіру қажет екенін атап өтті.