Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Семейдегі бірқатар нысандарды аралады

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Семейдегі бірқатар нысандарды аралады

Алғашқы нысан ЖЭО болды. Нұрлан Ұранхаев объект басшылығынан ЖЭО қамтамасыз ету үшін қаражаттың қаншалықты жеткілікті екендігін сұрады. Облыс әкіміне бірқатар техникалық және қаржылық мәселелер баяндалды.
Атап айтқанда, соңғы жылдар ішінде кәсіпорын тұрақсыз қаржылық жағдайды басынан кешіруде. Жыл сайын тарифтік тапшылық пайда болып, кәсіпорынның қаржылық нәтижесіне теріс ықпалын тигізуде.
Сондай-ақ бұл кредиторлық берешектің өсуіне әкеледі. Алдағы жылу беру маусымына дайындық үшін ЖЭО-ны қайта құруға және ағымдағы жөндеуге 3,806 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 2,002 млн теңге сомасына екі қазандықты қайта жаңарту көзделген. 630,6 млн теңгеге 14 жылу көзіне ағымдағы жөндеу жүргізіледі. Тарифте қарастырылған меншікті қаражат есебінен жылу көздері мен жылу желілерін ағымдағы жөндеу үшін 594,3 млн теңге сомасында жабдықтар мен материалдар сатып алынады. Жөндеу жұмыстарының қорытындысы нәтижелі болып, қазандықтардың сенімді қызмет етеді деп күтілуде.
Нұрлан Ұранхаев РК-1 жылу көзіне барды. Мұндағы турбина іске қосуға дайын.
«Қазіргі уақытта турбина тұр сондықтан ол резервте, іске қосуға дайын. Біз өзіміз үшін электр энергиясын өндіре аламыз», - дейді қазандық бастығы Ержан Қабиев.
Облыс әкімі барлық мәселелерді бақылауға алуға уәде беріп, алдағы жылыту маусымына сапалы дайындық жүргізуді тапсырды.